Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі журналистерге мемлекеттік марапат табыстады

Журналистердің тағы бір легі марапатқа ие болды. Өз ісінің жілігін шағып, майын ішкен мамандарға төсбелгілерді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов табыс етті. Өңір жетекшісі мапарат иелерінің ақпарат саласының дамуына сіңірген көп жылдық еңбегін атап өтіп, қуаныштарымен құттықтады.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Салтанатты жиында мемлекеттік марапат алған журналистердің саны төртеу. “Qyzyljar” телеарнасының бас редакторы Ақерке Қабыкеева, “Хабар” телеарнасының облыстағы меншікті тілшілері тобының көшбасшысы Төлеген Иманов, “Qazagstan Media” жаңалықтар порталының тілшісі Светлана Дроздецкая Қазақстан журналистикасы мен телевизиясын дамытуға қосқан зор үлесі үшін “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталды.

Марапат алған қаламы қарымды журналистердің арасында әріптесіміз, МТРК телеарнасының тақырыптық бағдарлама редакторы Әлия Икамбаева да бар. Әлия Оралбекқызына Ақпарат саласының үздігі төсбелгісі табыс етілді. Білікті маманның 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Телеарнада тілшіліктен бастап шеф-редакторлыққа дейін жетті. Бұның артында қаншама еңбек, жұмысқа деген жауапкершілік жатыр. Әлия Икамбаева соңғы жылдары тарихи-танымдық бағдарламалар жасап келеді. “Бүгінгі марапат менің ғана емес, бүкіл ұжымның еңбегі дейді”,- журналист.

ӘЛИЯ ИКАМБАЕВА, МТРК телеарнасының тақырыптық бағдарлама редакторы:

– Бұл марапат маған зор шабыт берді. Өзім мұндай марапатқа ие боламын деп ойлаған жоқпын. Мен үшін күтпеген жағдай. Бұл жетістікке жетуіме зор септігін тигізген – телеарнадағы әріптестерім. Себебі, олар маған әрқашан қолдау көрсетіп жүреді. Телеарна ұжымы тек бағдарлама ғана емес, тарихи фильмдер, бейнероликтер жасайды. Ең бастысы, халықты өңірдің тыныс-тіршілігінен хабардар етіп, жаңалық жеткізеді.

 

Мәдина Қаби