Қоғам

Жол активтері сапасының ұлттық орталығына – 5 жыл

Жол активтері сапасының ұлттық орталығы филиалының құрылғанына биыл 5 жыл толып отыр. Аты айтып тұрғандай, мұндағы мамандардың жұмысы жолмен байланысты. Олар салынатын немесе жөнделетін жолдың сапасын тексереді. Қызметкерлерге әр учаске маңызды. Сондықтан, ауыл-аймақтарға да шығып, сынама алады.

МАРАТ ДАРБАЕВ, «Жол активтері сапасының ұлттық ортылығы» РМК СҚОФ зертхана меңгерушісі:

– Ең бірінші жолға пайдаланатын материалдан бастаймыз. Біздің зертханаға материалдарды инженерлер алып келеді. Олар: қиыршық тас, бетон дегендер. Соның барлығын зерттеп, нәтижесін шығарамыз. Кейін салынып болған жолға шығып, асфальттың кішкене бөлігін алып, тағы зерттеуден өткіземіз.

Филиалда 18 адам жұмыс істейді. Барлығының атқаратын міндеттері бар. Істе қиындықтар да кездеседі. Мысалы, мамандардың жұмысын жергілікті мердігерлердің тауарды сапасыз жасауы күрделендіреді екен.

МАРАТ ДАРБАЕВ, «Жол активтері сапасының ұлттық ортылығы» РМК СҚОФ зертхана меңгерушісі:

– Кейбір материалдардың сапалары өте төмен болады. Неге десеңіз, кейбір мердігерлер жұмыстарын сапасыз істейді. Зерттеуден өтпеген соң, мердігерлерге хат жолдаймыз.

Мамандармен бірге зертханаға барып, жұмыстарымен таныстық. Зертханаға жауапты Марат Дарбаев инерттік материалдың сапасын тексеру әдісін көрсетті. Оңай шаруа емес. Біршама уақыт кетеді.

Мына көлік жол салынып болғаннан кейін тексеруге шығады. Газельдің алдында да, артын да камера бар. Олар әрбір метрді есептейді. Көліктің астына жолдың сапасына арналған лазер де орнатылған. Түзулік пен қалыңдық осы арқылы бағаланады.

ЕРКЕН ӘБІЛМӘЖІНОВ, «Жол активтері сапасының ұлттық ортылығы» РМК СҚОФ инженері:

– Біздің жұмысымыз көктем кезінде басталады. Көктемде жолға жөндеудің қажет немесе қажет еместігін қадағалаймыз. Егер ақаулар анықталса, қағазға түртіп аламыз. Сонымен қатар, жыл бойы жолдың қалай өзгергендігін бақылаймыз. Кейін барлығының есебін жасап, комитетке жібереміз. Мысалы, маусым айында өңірімізде 280 км астам жол тексерістен өтті.

Мамандар мұнымен шектелмейді. Олар ағымдағы жылы 1500 шақырымнан астам жолды тексермек.

 

Мәдина Қаби