ТЖ

Петропавлда ер адам суға батып кетті

Облыста тағы адам суға батып кетті. Борки кентінің тұсында Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды. Оны жергілікті тұрғындар байқап қалған.
Марқұмның жасы шамамен 35-40-та. Суға батып кеткен адамды ТЖД қызметкерлері алып шықты. Сот-медициналық сараптама жүргізіледі. Марқұмның кім екені анықталады. Оқиға орнында 7 құтқарушы, 15 полиция қызметкері мен 8 техника жұмыс істеді. Еске сала кетейік, өңірде суға түсу маусымы басталғалы 6 адам батып кетті. Үшеуі – бала.

 

Данаш Хамза