Қоғам

Облыс орталығында толассыз жауған жаңбырдан 3 үйді су басты

НҰРАСЫЛ ЕРЖАНҰЛЫ, тілші:

– Толассыз жауған жаңбыр өз кесірін тигізбей қоймады. Жауын-шашыннан қала көшелерін ғана емес, көріп тұрғандарыңыздай, тұрғын үйлерді де су басты. Зардап шеккен баспананы келіп көрдік. Үйге су кіргені соншалық, тіпті ішінде қайықпен жүруге болады.

Бүгін Татьяна Меркулованың баспанасын су басты. Оқиға 1-лер шамасында болған. Үйіне жұмыстан түскі асын ішуге келген нәзікжанды көз шошырлық жағдайды көргенде абдырап қалған. Осылай болады деген ой оның үш ұйықтаса түсіне кірмепті.

– Нам сказали по телефону “109” звонить. Звонили, звонили – никак не могли дозвониться. А потом позвонили в “112”. Нам сказали ждать, заявок много. Даже не думали, что они так быстро приедут.

Нәзікжандының сөзінше, судың биіктігі 50 см-ді құраған. Қазір құтқарушылар баспананың суын сорып шығаруда.

ТАТЬЯНА МЕРКУЛОВА, үй иесі:

– Үйде тұрып жатқаныма 40 жыл болды. Бұндай жағдай болған емес. Бірден 112 нөміріне хабарластым. Баспанамды толығымен су басты. Жинаған дүние-мүлкімді шығарып та үлгермедім. Себебі, өзім жалғыз тұрамын. ТЖД-нің қызметкерлеріне алғысым шексіз.

ТЖД-і жедел-құтқару жасағының бөлімше бастығы Еділ Зикриннің сөзінше, баспанаға су кіруінің тағы бір себебі – үйдің төмен орналасуында.

ЕДІЛ ЗИКРИН, СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының бөлімше бастығы:

– Мұнда жедел-құтқару жасағынан 5 адам келіп отырмыз. Мотопомпа арқылы үйдің суын сорудамыз. Зардап шеккен әр жанға көмек көрсету – біздің міндетіміз.

Айта кету керек, бүгін облыс орталығында толассыз жаңбыр кесірінен тағы 2 үйді су басқан.