Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі Тайынша ауданында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты

Тайынша ауданына жасаған сапары аясында облыс әкімі нысандарды аралады. Бұл – қаладағы стадион. Ол күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Жобаның құны 310 миллион теңгеден асады. Ағымдағы жылдың тамыз айында тапсырылуы тиіс.

– 311 млн это забор входит, трибуны, футбольное поле, беговые дорожки и 4 площадки: баскетбольное и волейбольное.

Әкім жергілікті супермаркетпен де танысты. Ол өткен жылы ашылды. Мұндағы ассортимент облыс орталығындағы сауда нүктелерінен кем түспейді. Енді екінші қабатта фитнес-клубтың таспасын қию жоспарланып отыр.

– 7 км ресайклирование, 7 км асфальта уже перекрыли. В текущем году планируем 15 км асфальта перекрыть и щебнем отсыпать. Если дополнительное финансирование будет, то они до конца завершат, до областной дороги.

Аудандық маңызға ие “Виноградовка-Ясная Поляна-Кирово” учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ұзындық 45 км құрайды. Жоба құны – 1,4 млрд теңге. Жұмыс маусым айында басталған.

– 1,8 млрд мы выделили по районным дорогам. Областные не реализуются. Подрядчики определены. Везде работы ведутся. В основном, текущий ремонт больше 120 км, восстановление. В Тайыншинском районе самая большая протяженность – 641 км только районных дорог. Поэтому принято решение, где населения меньше живет там проводим текущий ремонт. Остальные участки к крупным населённым пунктам отремонтировали.

Бұдан кейін Ғауез Нұрмұхамбетов Ясная Поляна ауылына барды. Мұнда жергілікті серіктестікте болып, жұмысымен танысты.

– Итого у нас 27 комбайнов действующих. В целом 36, но из-за того, что механизаторов нет, часть старые, поэтому 27 работают. 17 посевных комплексов, 50 тракторов, 30 грузовых. В этом году мы дополнительно приобрели сенокосы – 3 шт, пресс-подборщики.

Серіктестік басшысы өсімдік шаруашылығымен қатар, мал ұстайды, сүт өндірумен де айналысады. Ауылда заманауи ферма жұмыс істеп тұр.

 – 6070 номер. Она уже в статусе стельная. Она уже подтвержденная, осемененная. 135 дней стельности. 31 литр среднесуточно дает. Это для первотёлки отличный показатель. По местным до 55-60 литров самые высокие надои.

Аймақ басшысы ауылды абаттандыру жұмыстарымен де танысты. Спорттық-сауықтыру орталығында болды. Ат аялдатқан соңғы нысан – қоныстанушылардың 1936 жылғы мұражай-үйі. Жергілікті тұрғындар бұл жерді қызғыштай қорғайды және онымен мақтанады. Мұнда жиһаз, әртүрлі ас үй ыдыстары мен өзге де дүние сақталған. Тіпті, жалғыз күйтабағы қалған патефон да бар.

 

Байболат Құлтанов