Білім

Медицина колледжінде оқуға құжат қабылданып жатыр

Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан медицина колледжінде
құжат қабылдау комиссиясы жұмысын бастады. Мұнда 11-ден кейін де, 9-шы сыныптан кейін де келіп ақхалатты мамандығын алып шығуға болады. Оқу ордасында 10-ға жуық мамандық түрі бар. Биыл үшеуіне түсуге бюджетттік орындар қарастырылған.

ДӘРИЯ ҚАРАБАЙ, құжат қабылдау комиссиясының мүшесі:

– Біздің колледж медициналық білім беру саласындағы жалғыз колледж болып саналады біздің аймақта. Қабылдау комиссиясы өз жұмысын маусымның 25-інен бастады. Комиссия таңғы сағат 9-дан кешкі 6-ға дейін жұмыс істейді. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша құжаттарды 15-ші тамызға дейін қабылдайды. Оқу ақысын толық өтеумен 25-ші тамызға дейін және кешкі түрде оқуға 20-шы қыркүйекке дейін құжаттарды қабылдаймыз.

Медицина колледжін биыл 300 түлек бітірді. Арман қуып келген жастардың бірі –
Дамира Үстемірова. Қолына дипломын алған жас Тайыншаға барып жұмыс істеймін дейді.

ДАМИРА ҮСТЕМІРОВА, колледж түлегі:

– Мен жақында аттестация тапсырдым және жақсы балл жинадым. Үш жыл бойы көптеген тәжірибе жинадым. Өйткені, мен оқыған “Акушер” мамандығы қоғам үшін өте маңызды және өмір үшін жауап береді.

Солтүстікқазақстандық медицина колледжінде оқыған мамандарға еңбек нарығында сұраныс зор. Қолдарына диплом алысымен жұмыс іздеп жүрмейді. Өйткені, оқыған орнының беделі де зор, алған білімі де сапалы. Оқу орнында сапалы білім алу үшін тиісті жағдай жасалған. Ақхалатты жастар емхана-ауруханаларда тәжірибеден өтіп, колледжде білімдерін практика жүзінде шыңдайды.

– Мына жерде біз трахея инкубациясын көрсетеміз. Коникотомияны көрсетеміз. Кішкентай балаларға арналған жүрек-өкпелік реанимацияны көрсетуге болады. Ересек адамға және кішкентай балаға ауыз культациясын жүргізудің көрсетеміз. Пункция көрсетеміз. Көктамырдан қан алу, көктамырға дәрі-дәрмек енгізуді көрсетеміз. Сонымен қатар, хирургия сабағында жарақатты көрсетуге болады және мойынға шинаны қоюды көрсетуге болады.

Медицина колледжін өткен жылы 285 түлек бітірген. Оның 201-і жұмысқа тұрып, 23-і оқуын жалғастырған. Әскери қызметке шақырылғандары да, тұрғылықты жерін ауыстырғандары да бар. Жалпы, қолына диплом алған жастарды жұмыспен қамту көрсеткіші 92 пайызды құрап отыр. Жұмағали Тлеулин атындағы медицина колледжінің ғасырлық тарихы бар. Бүгінге дейін білім ордасынан 22 мыңнан астам маман түлеп ұшқан.

 

Данаш Хамза