Қоғам

Интернет-алаяқтықтың алдын алу

Мошенники звонят, представляются сотрудниками банка и предлагают скачать данные приложения удалённого доступа, через которые они имеют доступ к вашему сотовому телефону) 00484 00:07-00:17

Бөгде қосымша жүктелсе, телефон алаяқтыкі дей бер. Өйткені, қулар қашықтықтан-ақ ішіне кіріп, несие рәсімдей жөнеледі. Біреу қоңырау соғып хабарласса, сілтеме жіберсе, көзді жұмып сенудің қажеті жоқ. Салдары соқпақты болуы мүмкін. Алаяқтарға сенгіш келетіндер – қарттар. Осы орайда полиция қызметкерлері кезекті ақпараттық-түсіндіру шарасын ұйымдастырып, егде жастағы жандарға айлакерлерден қорғану амалдары жазылған жаднама таратты, сұрақтарына жауап берді.

МИЛЕНА БАЛАЦКАЯ, СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі:

– Құқықтық тәртіп жедел-алын алу шарасы аясында өтіп жатқан акцияның мақсаты – тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру және алаяқтардан қорғану мақсатында eGov.mobile қосымшасындағы «Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту» қызметі туралы баяндау. Бұл тетікті іске қосқан тұрғындар несие ресімдеуді 6 айға бұғаттайды. Содан кейін ешкім сыртынан несие рәсімдей алмайды.

Еске сала кетейік, облыста алты айда интернет-алаяқтықтың 362 фактісі анықталған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға көп. Жартысына жуығы банктен-мыс қоңырау шалу арқылы жасалған.

 

Данаш Хамза