ТЖ

Есірткі сатумен айналысқан 39 жастағы әйел 13 жылға сотталды

Ауру қалса да әдет қалмайды деген осы. Бұрын есірткі сақтағаны үшін сотталған Петропавл қаласының 39 жастағы тұрғыны синтетикалық есірткі сататын интернет-дүкенде жұмыс істейді деген күдікпен ақпан айында ұсталған. Полицейлер оның үйінен және есірткі жасырған жерінен 230 грам «мефедрон» мен «α-PvP» табады. Келіншектің өзі наркологияда есепте тұр екен. Сот оны есірткіге тәуелділіктен мәжбүрлеп емдеумен бірге 13 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мәліметі бойынша облыста жыл басынан бері 21 келіден астам есірткі тәркіленген. Оның 5 келіден астамы – синтетикалық түрі.

 

Данаш Хамза