Ауыл шаруашылығы

Ақжан ауылында салынып жатқан сүт фермасының құрылысы биыл аяқталады

Тимирязев ауданындағы Ақжан ауылында сүт фермасы салынып жатыр. Құрылысы жыл соңында аяқталады, мал келесі жылы әкелінеді. Нысан ашылысымен 30 адам жұмыспен қамтылады. Бұл – жергілікті тұрғындардың нәпақа табуына зор мүмкіндік.

ЕВГЕНИЙ ШКИРА, Ақжан ауылдық округінің әкімі, Тимирязев ауданы:

– Сүт фермасына симментал тұқымды 400 бас сиыр жеткізіледі. Жайылым жер жеткілікті. Ауылда 300-ге жуық адам тұрады. Болашағы зор. Жаңа кәсіпорынның ашылуы ауылдың дамып, одан әрі көркейе түсуіне ықпал етеді.

 

Мәдина Қаби