Тимирязев ауданындағы Ақжан ауылында сүт фермасы салынып жатыр. Құрылысы жыл соңында аяқталады, мал келесі жылы әкелінеді. Нысан ашылысымен 30 адам жұмыспен қамтылады. Бұл – жергілікті тұрғындардың нәпақа табуына зор мүмкіндік.
ЕВГЕНИЙ ШКИРА, Ақжан ауылдық округінің әкімі, Тимирязев ауданы:
– Сүт фермасына симментал тұқымды 400 бас сиыр жеткізіледі. Жайылым жер жеткілікті. Ауылда 300-ге жуық адам тұрады. Болашағы зор. Жаңа кәсіпорынның ашылуы ауылдың дамып, одан әрі көркейе түсуіне ықпал етеді.
Мәдина Қаби