Облыстық экология департаментінің мамандары полицейлермен және табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, Қызылжар ауданында тексеріс жүргізді. Нәтижесінде Якорь селолық округінде 2 бірдей заңсыз қоқыс төгу орнын анықтады.
НАТАЛЬЯ АРЖАННИКОВА, СҚО бойынша экология департаментінің бас маманы:
– Тексеріс нәтижесінде қалдық төгуге рұқсат етілмеген орындарды тіркеу актісі жасалды. Сонымен қатар, төгілген қоқысты жою шараларын қабылдау мақсатында Қызылжар ауданының полиция бөліміне және жергілікті атқарушы органға тиісті хаттар жолданды.
Қазіргі уақытта аталған жердегі тұрмыстық қалдықты жою бойынша шаралар атқарылуда және тұрғындар арасында тиісті түсіндіру шаралары жүргізілген.
ВАЛЕРИЙ ТИХИЙ, Якорь селолық округінің әкімі, Қызылжар ауданы:
– Қазір селолық округте қоқыс үйіндісін тегістеу жұмысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындарға жинаған қоқысын тек рұқсат етілген арнайы орындарға ғана төгу қажеттігін ескерттік.
Экологтардың айтуынша өткен жылы облыста 270-тен астам заңсыз қоқыс төгілген жер анықталған. Оның барлығы жойылыпты.
Данаш Хамза