МТРА жаңалықтары

СҚО-да 8 млрд теңгеге ағаш өңдейтін зауыт салынады

Өңірде ағаш өңдеу бойынша кластер құрылып жатыр. Оның аясында ағашты терең өңдеумен айналысатын кәсіпорын салынады. Жоба құны 8 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы LS агенттігі жазды. Жобаны түркиялық инвестор жүзеге асырады. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 50 мың текше метр өнім өндіруге жетеді. 300 адам жұмыспен қамтылады.
Сондай-ақ, облыста желімделген ағаш пен қалыпталған өнім өндіру бойынша да жоба жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл іске қазақстандық компания тартылмақшы. Инвестиция көлемі – шамамен 3 млрд теңге. Кәсіпорын қуаттылығы жылына 40 мың текше метр өнім өндіруге жетеді. Барлығы – 35 адам жұмыспен қамтылады. Осы орайда еске сала кетейік, өңірде аталған кластер құру аясында ламинадталған фанер зауыты жұмыс істеп тұр.