Қоғам

Мәжіліс депутаты Дмитрий Колода тасқын салдарын жою жұмыстарымен танысты

Өңірге іс-сапармен келген Мәжіліс депутаты Дмитрий Колода су тасқыны салдарын жою жұмыстарымен танысты. Мәжілісмен жұмыс сапарының бірінші күні Қызылжар ауданындағы Ольшанка, Вишневка, Соколовка және Вагулино ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Еске сала кетейік, ауданда биыл мың жарымнан астам үй тасқыннан зардап шекті.
Әзірге, 60-қа жуық отбасыға басқа баспана сатып алынған. Мыңнан астамы тұруға жарамды деп танылған. Жөндеуге келетін үйлер бойынша тиісті материалдық көмек көрсетілді.

ДМИТРИЙ КОЛОДА, Мәжіліс депутаты:

– Су тасқыны кезінде құрылған комиссия Үкіметтің қаулысымен бекітілген заң бойынша жұмыс атқарып жатыр. Қызылжар ауданында сатып алынатын тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 90 мыңнан басталып 283 мың теңгеге дейін жетеді. Мамандар үйді баспананың орналасқан жері негізінде бағалайды. Осы орайда суға кеткен үйдің ауданы мен отбасы мүшелері міндетті түрде ескеріледі.

Қызылжар ауданында бұдан басқа тасқын кезінде суға батқан, жоғалған мал үшін өтемақы төлеу жұмыстары да жүріп жатыр. Осы мақсатта 2,4 млн теңге шығын толық көлемде төленген. Жалпы, ауданда су тасқыны кезінде 30-ға жуық мал қырылған.