Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда “жылжымайтын мүлік объектілеріне Онлайн мәмілелер” жобасы іске қосылды

Бұл туралы брифингте ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.
“Енді қазақстандықтар тұрғын үйді ХҚКО-ға және нотариусқа нақты жүгіну қажеттілігінсіз онлайн-режимде сатып алып, сата алады. Мәмілені жасасу 8 сағаттан аспайды, ал тіркеу — небәрі 10 минутты құрайды”, — деді Талғат Уәли.

Ол сондай-ақ Әділет министрлігі Freedom Bank бірлесіп жылжымайтын мүлікті онлайн форматта қайта тіркеу бойынша пилоттық жобаны іске қосқанын атап өтті жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне қарамастан құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру мүмкіндігі пайда болды.