Қоғам

Дамуға мүмкіндік берген “DAMU” қоры

Бұл – екі жылдың ішінде ел таныған кәсіпорын. Мемлекет берген мүмкіндікті пайдаланып, “DAMU” қоры арқылы ашылған киімді химиялық тазалау орны. Жас кәсіпкер Бақтияр Ескендіров әуелде жиһаз тазалаумен айналысыпты. Клиенттің көптігі бағытты сәл өзгертуге себеп болған. Әзірге, мұнда бірнеше адам жұмыс істейді.

БАҚТИЯР ЕСКЕНДІРОВ, кәсіпкер:

– Алдағы мақсатымыз – Қазақстан бойынша химтазалау орталығын ашқымыз келеді және де оған аяқ киім тазалау қызметін де қосқымыз келеді. Біздің құрамда 10 адам жұмыс істейді.

“DAMU” қоры көкірегі ояу, көзі ашық жандарды құшақ жая қарсы алады. Фергілікті филиал істі енді бастағандарға да, тәжірибелі кәсіпкерлерге де бірнеше бағыт бойынша жәрдем беруге даяр. Мысалы, талапты Бақтияр Ескендіров шағын несие алуды жөн көрген.

САЛТАНАТ УӘЛИХАН, “DAMU” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ СҚОФ менеджері:

– Бақтияр Ескендіров шағын несие бойынша қолдауға ие болды. Мұнда 20 млн теңгеге дейін инвестиция беріледі. Ал айналым қаражатын толықтыруға 5 млн теңгеге дейін беріледі. Қарыз 6 пайызбен беріледі, берешектің 85 пайызын “DAMU” қоры кепілдендіреді.

Қордың жергілікті филиалы қаңтар-мамыр аралығында бірсыпыра істің басын қайырған. Көрсеткіш көңіл көншітеді.

САЛТАНАТ УӘЛИХАН, “DAMU” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ СҚОФ менеджері:

– Биылғы 5 айда “DAMU” қоры субсидия бойынша – 191 жобаны, кепілдік бойынша – 59, жеңілдетілген несиелер бойынша – 14, “Кең дала 2” бағдарламасы бойынша 7 жобаны қолдады.

“Кең дала 2” бағдарламасы ауыл шаруашылығы өкілдеріне арналған. Бұрын-соңды болмаған төмен пайызды қарыз көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін беріледі.

 

Байболат Құлтанов