Қоғам

Астана күніне арналған челлендж

Елорданың 26 жылдығына арналған челлендж! Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері бас қаланың туған күніне орай тұрғындар арасында «Сүйікті Астанам» атты бейнечелленджін ұйымдастырды. Шарты жеңіл: ерке Есіл жағасындағы көрікті қала жайлы бейнежазба дайындап, интернет желісіне салу қажет. Ең бастысы, хештег пен парақшаны белгілеуді ұмытпау керек.

СӘЛІМХАН СӘБИТОВ, облыстық ҚХА мүшесі:

– Аталмыш челлендж 1-ші және 4 шілде аралығында өтетін болады. Видео түсіріп, СҚО-ның assembly_sko парақшасын белгілеп, Астана хештегін қоссаңыздар жеткілікті. Ең көп лүпіл жинаған қатысушы 5-ші шілде күні Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы сыйлығымен мадақталататын болады.