Қазақстан жаңалықтары

Үкіметте “ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасының іске асырылу барысы талқыланды

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңеске орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Ұлттық жобада 655 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының құрылысы қарастырылған. Өткен жылдан бастап 95 нысан пайдалануға берілді.

Ағымдағы шаралар туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев баяндады. Оның айтуынша, жобалық-сметалық құжаттама 483 нысан бойынша дайын. 355-тен-қаражат бөлінді.

“Қазір өңірлерде құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, біз басқа нысандар бойынша жобалық құжаттарды дайындау процестерін қатар бақылаймыз,

авторлық және техникалық қадағалау бойынша шарттар жасасу”, – деді Жандос Бүркітбаев.

Ұлттық жоба ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Вице-премьер оның маңыздылығын атап өтіп, бірқатар тапсырмалар берді.