Спорт

Теріскейлік желаяқ лицензиялық ұпай берілетін турнирде бақ сынауда

Жерлесіміз Михаил Литвин Алматыда өтіп жатқан лицензиялық турнирде бақ сынап жатыр. Яғни, шілденің соныңда Франция астанасында бастау алатын Олимпиада ойындарына берілетін жолдама үшін таласады. Бұған дейін теріскейлік желаяқ 2 жыл бойы іріктеу жарыстарына қатысып, ұпай жинаған болатын. Жақсы нәтиже көрсетсе, спортшымыз рейтинг бойынша төртқұрлықтың басты додасына бара алады. Дегенмен, арқаны кеңге жайып, марқаюға себеп жоқ. Бүгінге дейін солтүстікқазақстандық спортшылар тек 2 жолдама еншілеген. Оның өзі велошабандоз Алексей Луценкоға тиесілі.