Sailau banner

Қоғам

Ауыл балаларына арналған экскурсия

Бір күн қалада! Бүгін Ақжар, Айыртау, Уәлиханов аудандарынан 45 оқушы келіп, Петропавлды күні бойы аралайды. Оларды неше түрлі қызық күтіп тұр. Барлығы алдын ала жоспарланып қойған. Жеткіншектер бірінші саябаққа барды. Манарбек Әлекенов сонау Уәлиханов ауданынан келген. Оқушы бүгінгі күннен ерекше эмоция аламын деген үмітте.

МАНАРБЕК ӘЛЕКЕНОВ, оқушы, Уәлиханов ауданы:

– Бүгін ауа райы да жақсы болып тұр. Күнім де сол сияқты жақсы өтеді деп ойлаймын. Мұнда достырыммен қыдыруға келдім.

Оқушылар әртүрлі әткеншектерге мінгендеріне қуанып, шат-шадыман болды.

Әткеншектерде көңіл көтергенннен кейін ұл-қыздар облыстық тарихи-өлкетану музейіне жол тартты. Онда қонақтарға мамандар қазақтың тарихы жайлы айтып, қызықты, маңызды деректерді жіпке тізді.

Жалпы, Уәлиханов ауданынан 12 оқушы келген. Балалардың көбісі музейде бірінші рет екен.

– Мұражайға бірінші рет келуім. Барлығы ұнап жатыр.

– Бізге халқымыздың тарихын түсіндірді. Іші өте әдемі. Барлығы бар екен.

Одан кейін ұл-қыздар аквапаркке барып, шомылатын болады. Жазда балалар демалу керек. Осыған байланысты ұйымдастырушылар әр жерде жеңілдік қарастырыпты. Ұл-қыздардың ат терлетіп келгендеріне қарай барлығы көңілден шығады деп үміттенуде.

МАФРУЗА НАУАНОВА, СҚО білім басқармасының бөлім басшысы:

– Ұйымдастырып отырған экскурсиямыз тек ауылдық жердегі балаларға арналған. Себебі, кейбір балалар облыс орталығына жиі келе бермейді, тіпті жаз бойы ауылдан шықпайтындары да бар. Біз солардың немесе шалғай аудандарда тұрып жатқан оқушылардың Петропавлды білгендерін қалаймыз.

Бұл жоба 3 айға жалғасады. Жаз бойы әртүрлі жастағы оқушылар әр сәрсенбі мен жұма күні қалаға келіп, қыдыратын болады. Келесі экскурсияға есілдіктер мен аққайындықтар қатысады.

 

Мәдина Қаби