Sailau banner

Қоғам

Жұмабаевтық жұмыс тобы Заречное кентінде 67 үйді жөндейді

Маңызды іс жалғасып жатыр! Петропавлдың Заречное кентін ақжарлық, тимирязевтық, мамлюттік және жұмабаевтық жұмыс топтары қалыпқа келтіруде. Соңғы аталған ауданның механикаландырылған бригадасы 67 үйді жөндеуі тиіс. Арасында көпқабатты баспаналар да бар. Білек біріктірген жігіттер су сорып, қоқыс шығарған. Бүгінде бүлінген үйлердің едендерін бұзуда. Жақын арада кептіріп, жаңасын салатын болады. Жауапты жүкті иықтарына артқан жерлестеріміз шаһарда жаз бойы тер төкпек.

ДОСТАН ТАСМАҒАНБЕТОВ, М.Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары:

– Ауданнан 5 бригада, яғни 35 адам мен 7 техника әкелдік. Осы күнге дейін 370 тонна қоқыс шығардық. Петропавлға мамырдың 10-ы күні келген болатынбыз. Зардап шеккен әр баспанаға бардық, иелерімен кездестік. Барынша көмек көрсетеміз.