ҰБК осы жылдың сәуір айында инфляция болжамдарға сәйкес төмендегенін атап өтті. Инфляцияның тұрақты бөлігінің баяулауы байқалды.
“Халықтың инфляциялық күтулері, бағаның жалпы серпініне қарамастан, су тасқыны мен тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің жалғасып жатқан реформасы аясында өсуді көрсетті. Сыртқы инфляциялық фон бейтарап деп бағаланады, бұл орталық банктердің тежеу саясатының әсерін және әлемдік азық-түлік нарықтарындағы баға динамикасын көрсетеді. Экономика ішіндегі проинфляциялық қысым фискалдық ынталандыру, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді реформалау, тұрақты ішкі сұраныс есебінен сақталады”, – делінген хабарламада.
Орта мерзімді перспективада инфляция бойынша 5% мақсатқа қол жеткізу ұзақ уақыт бойы орташа қатаң ақша-кредит саясатын жалғастыруды талап ететіні атап өтілді.