Қазақстан жаңалықтары

Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте АӨК-де инвестициялық жобаларды іске асыру талқыланды

Бүгінгі таңда 446,9 млрд теңге сомасына 91 инвестициялық жобаның жалпы пулы құрылғаны хабарланды. Басым бағыттар – ет, сүт, астық өңдеу және жылыжай шаруашылығын дамыту. Аграрлық несие корпорациясы 81,6 млрд теңгеге 43 жоба бойынша белсенді жұмыс істейді. Қазақстанның Даму Банкі 285 млрд теңгеге 14 жобаны қаржыландыруды әлі бастаған жоқ.

Halyk Bank 78,5 млрд теңгеге 34 жобаның 1,4 млрд теңгеге 3-ін қаржыландырды және 11 млрд теңгеге 5-ін мақұлдады. Қалған жобалар құжаттарды жинау сатысында. Сондай-ақ, австралиялық әдіспен мал шаруашылығы бойынша 41 жоба қаралды, олар үшін 2024 жылы 48,6 млрд теңге қажет, оның ішінде жемшөп дақылдарын суаруға 6,9 млрд теңге.