Балалар

Кезекті рейд: назарда – оқушылар

Так, давайте к маме поедем, или маму вызовем сюда. Первый раз?

Оқу жылының аяқталуына орай полицейлер күшейтілген режимде тер төкті. Мамандар ішімдік ішу, тәртіп бұзу фактілерін анықтамаса да дәмханалардың бірінде кәмелетке толмағанның түнгі уақытта жұмыс істеу фактісін анықтады. Қызмет беруші жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, түнде далада жүрген алты жасөспірім ұсталды.

ЖАНАТ МҰСТАФИНА, Петропавл қалалық ПБ ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы:

– Оқу жылының аяқталуына байланысты қалалық полиция басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлары рейдтік іс-шара жүргізуде. Мақсат – жасөспірімдердің тәуліктің түнгі уақытында заңды өкілдерінсіз, сондай-ақ, ойын-сауық – қоғамдық орындарда алкогольдік мас күйде жүруін анықтау.