Қоғам

Қазақстанда жарты млн-ға жуық адам жұмыссыз жүр

Қазақстанда бірінші жартыжылдықта жұмыссыз жүргендердің саны жарты млн-ға жуықтаған. Бұл туралы LS порталы хабарлады.
Жұмыссыздардың 210 мыңы ерлер болса, қалғаны – әйел адамдар. Еңбексіз жүрген жандар – 35 пен 44 жас аралығындағылар. Басым көпшілігі отбасылық жағдайға байланысты жұмыс істей алмайтындығын айтқан. Сондай-ақ, 53 мыңнан астам адамның жұмыс іздеп жүргеніне бір жыл болған. Жұмыссыздар саны бойынша өңірлер арасында Алматы қаласы көш бастап тұр.

 

Мәдина Қаби