Қоғам

Жолшылар оқушыларға арнап ашық есік күнін өткізді

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы филиалында ашық есік күні өтті. Ұйымның тыныс-тіршілігімен танысуға келген жандар – балалар. №17 ұлттық жаңғыру орта мектеп кешенінің оқушыларына жолшы мамандар жұмыстарының қыр-сырын әңгімелеп берді. Бұл шара жастардың алдағы уақытта мамандықты дұрыс таңдауына септігін тигізуі мүмкін.

ЖҰЛДЫЗ ӘУБӘКІРОВА, оқушы:

– Бірінші рет келіп отырмыз. Көптеген нәрсені көрдік. Жол мамандығына түсем деп жүрген достарым бар. Бар ақпаратты соларға айтып беремін.

Осы орайда айта кетейік, қазір өңірдің жол саласында маман тапшы.

ҚАНАТ ӨСЕРБАЕВ, “ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ СҚОФ директорының орынбасары:

– Жол саласына мехнизаторлар, бас инженерлер керек. Жалақыға келетін болсақ, 250 мыңнан 700 мыңға дейін барады. Ең бірінші, адамда ынта болуы қажет.

Жастарға жол саласы бағытында білім алуға болатын оқу орындары туралы ақпарат айтылды. Жол саласына қажет мамандар ел бойынша 8 жоғары оқу орнында даярланады. Биыл алғаш рет өңірде көлік министрінің тапсырмасымен колледждер мен университетте “Көлік құрылысы” мамандығы ашылмақ. Бұл бастама аясында жол жөндеуші, көпір мен құбыр салушы мамандар оқытылады.

 

Гүлден Сембаева