Қоғам

СҚО-да қос лауазымды тұлға пара алды деген күдікке ілінді

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді. Онымен бірге бөлім басшысы да ұсталған. Қос лауазымды тұлға аудандық маңызы бар автожолдарды ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлік субъектісінен 10 млн теңге көлемінде ақша алған. Екеуіне «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жүріп жатыр.

 

Гүлден Сембаева