Мәдениет

Бүгін – Халықаралық музей күні

Бүгін – Халықаралық музей күні. Айтулы датаға орай “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде жастарға арналып экскурсия ұйымдастырылды. Колледж студенттеріне әуелі ел тарихы туралы мағлұмат айтылып, кейін музей іші таныстырылды.

АЛИНА АИПОВА, студент:

– Экскурсия танымдық тұрғыда қызықты өтіп жатыр. Нысан қайта жаңғыртудан өткен. Республикалық маңызы бар қала құрылысы және сәулет ескерткіші болып табылады. 2008 жылы ашылып, мемлекеттік қорғауға алынған екен.

Бұл жерде қару-жарақтан бөлек, кесе, астау, күбі, домбыра сияқты көне құнды дүниелер қойылған. 4 экспозициялық бөлмеден тұрады. Әр бөлмеде өзіндік ерекше экспонаттар бар. Қор жылдан-жылға молайып келеді дейді мамандар.

ӘЛИЯ МАМБЕТАЛИНОВА, «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінің бөлім меңгерушісі:

– “Абылай хан резиценциясы” кешенінде 600-ден астам жәдігер бар. Ерекше айтатын болсақ, 18-ші ғасырдың қару-жарақтары. Жалпы, мұражай Абылайханның өмірі мен қызметіне арналған.

Мамандардың айтуынша музейге Абылай хан жайлы білгісі келетін мейман саны да артып келеді. Арасында шетелдіктер де көп.

 

Мәдина Қаби