Қоғам

Биыл елімізде 40 мың жаңа отбасы құрылды

Елімізде жыл басынан бері 40 мың жаңа отбасы құрылған. Неке саны бойынша көш бастап тұрған – Алматы, Астана және Шымкент қалалары. Бұл туралы Азаматтарға арналған үкімет мамандары хабарлады. Сонымен қатар, ел бойынша былтырғы жылдың шілдесінен бастап 328 мың тууы тіркелген. Қазіргі таңда Астана, Қарағанды, Алматы және Қостанай қалаларында ғана некені салтанатты түрде тіркейді. Енді осы қызметті және баланың тууын салтанатты түрде тіркеуді басқа өңірлерге де енгізу жоспарлануда.

 

Мәдина Қаби