Құқық қорғау органдары

«102» нөміріне жүзге жуық қоңырау келіп түскен

«102» нөміріне қала бойынша жыл басынан бері 100-ге жуық қоңырау келіп түскен. 70-ке тарта арыз-өтініш расталып, әкімшілік хаттама толтырылған. Тұрғындар көбінесе ауладағы көліктердің дұрыс қойылмауына қатысты шағымданған. Осы ретте 45 адам жауапкершілікке тартылыпты. Қалада SOS түймесі деп аталатын жүйе де жұмыс істеп тұр. Арнайы баған арқылы 5 айдың ішінде 3 хабарлама қабылданған. Бұндай нысандар адам көп жиналатын орындарға орнатылған. Адамға тәртіп сақшылары тарапынан шұғыл көмек қажет болғанда SOS түймесі арқылы аудио және видео байланысқа шыға алады.

 

Мәдина Қаби