Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО әкімі тасқыннан зардап шеккендерге үй салатын компания басшылығымен кездесті

Өңір жетекшісі Астанада ірі панельді баспана салуға маманданған “Үй құрылысы комбинаты GLB” зауытының басшылығымен кездесті. Аталған ұйымның көмегімен «Kaspi» АҚ қаражатына “Солнечный-2” шағын ауданында 300 тұрғын үй тұрғызылады. Бұл кәсіпорынмен ынтымақтастық тасқыннан зардап шеккендерге тез арада тұрғын жай ұсынуға мүмкіндік береді. Естеріңізге сала кетейін, қазір «Қазақстан халқына» қорының қаражатына 100 үй салынып жатыр. Сондай-ақ, «Kazakhmys» корпорациясы «Қазақстан халқына» қоры арқылы тағы 100 үйдің құрылысын бастады. Барлығы “Солнечный-2” шағын ауданында бекітілген үш жоба бойынша 500 нысан бой көтереді.

 

Байболат Құлтанов