Облыс әкімі Ойқалада орналасқан штабта жедел кеңес өткізді. Жиында тасқын зардаптарын жою бойынша жауапты басшылар мен бекітілген аудан әкімдері орынбасарларының есебі тыңдалды.
Қазір Ойқала мен Былғары кентінде аудандардың мехбригадалары 18 үйді жөндеп жатыр. Аулалар мен жертөлелерден су сорылып, көшелер тазартылып, қоқыс шығарылуда. Ойқала мен Былғары кентінде бөгеттер арқылы өнімділігі жоғары 79 сорғы тәулігіне 300 мың текше метр су сорады. Бұл жұмыс су басқан аудандар толығымен құрғағанша дейін жалғасады. Өңір басшысы Заречный кентінде де болды. Мұнда да су деңгейі түсіп жатыр. 4 ауданнан келген бригадалар көшелер мен үйлерді қалпына келтіру және тазалау жұмыстарын бастап кетті.