Жергілікті “Қызылжар” ФК тағы да жеңіліс тапты. Бұл жолы петропавлдық ұжым Қазақстан біріншілігі аясында еліміздің батысынан келген азулы “Ақтөбеге” есе жіберді. Кеше кешке “Қарасай” стадионыңда өткен матч 0 де 2 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Кезекті жеңілістен кейін теріскейлік команда турнирлік кестенің 8-ші сатысына сырғыды. Солтүстікқазақстандық клуб ендігі ойынын сырт алаңда талдықорғандық “Жетісуға” қарсы өткізеді. Тараптар мамырдың 19-ы күні өзара мықтыны анықтайды. Кездесу 19:00-де басталады. Айта кету керек, өңіріміздің намысын қорғайтын команда 4 ойын қатарынан жеңіліп келеді.