Төтенше жағдай жарияланған аймақтардың мектептерінде өзгерістер орын алды. Атырау, Ақтөбе, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облысының оқушылары ағымдағы және аралық бақылау тапсырмайды. Тоқсандық баға қорытынды баға ретінде шығарылады. Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан су тасқынынан зардап шеккен елді мекендердегі педагогтер мен шәкірттерге жеңілдіктер жасалатынын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Сонымен қатар, мұғалімдерді атестаттау рәсімі аясында тестілеу сәуірден тамыз айына шегеріледі және тасқын салдарынан үйлерінен айырылған ұстаздар тестілеуден бір жылдан кейін де өте алады.
Мәдина Қаби