Бұл, оның ішінде ӘМАТ бағасының өсуін тежеудің бақылау құралдарын тиімді іске асыру есебінен қамтамасыз етілді. Делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссияның қызметі шеңберінде 444 отырыс өткізілді, сауда үстемесінің асып кету және өнімсіз делдалдардың болуының 732 тәуекелі анықталды.
Қаржымині МКК-мен бірлесіп, ӘМАТ тізбесіне кіретін тауарлардың электрондық шот-фактураларын талдау бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. “Сауда қызметін реттеу туралы” Заңның 9-бабына сәйкес тауарларға бағаны 19 атауды қамтитын ӘМАТ-ты қоспағанда, сауда субъектілері дербес айқындайды.