Дүйім жұрттын назарын аударар маңызды шара! Биыл «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі атақты Құлагердің тұяғы тиген аққайыңдар өлкесінен, нақтырақ айтсақ, Петропавлдан бастау алады. Басталу нүктесі ретінде облыс орталығындағы Абылай ханның мұражай кешені-резиденциясы таңдалды. Жоба 12 мамырда жүзеге асырылмақ. Марафон-бәйгеде бақ пен бап сынайтындар Бурабай курорттық аймағының, Ботай мен Бозоқ көне мекендерінің көрікті жерлерін басып өтеді. Жалпы 500 шақырымды еңсеріп, Астанаға дейін жетеді. Шара 17 мамырда бас қалада аяқталады.
Мәдина Қаби