– А разрешение у вас есть на работу? – Ещё будет. – Делаете, да? – Да, сделаем.
Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер анықталды. Келімсектердің еш рұқсат құжаттары жоқ. Осы бағытта полицейлер көші-қон заңнамасы бұзушылықтарының жолын кесуге бағытталған «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
ЕРМЕК НҰСҰРБАЕВ, СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары:
– Іс-шара шеңберінде сауда базарлары, құрылыс алаңдары, кәсіпорындар, дәмханалар мен шетелдіктердің заңсыз еңбек күші пайдаланылатын басқа да орындар тексеріліп жатыр.
Сондай-ақ, шетелдіктерге еш құжатсыз еңбек етуге рұқсат еткен жұмыс берушілерге де әкімшілік материал жиналуда.
СӘБИТ ЖҮСІПОВ, СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы:
– Алдын алу іс-шарасы барысында Петропавл қаласы мекемелерінің бірінде көші-қон заңын бұзған Тәжікстан елінің 7 азаматы анықталды. Бұл азаматтарға қатысты көші-қон қызметі заңнамасының 517-бабының 5-тармағы бойынша материал жиналады. Бұл бап бойынша азаматтар айыппұл төлеуі немесе соттың шешімі бойынша ел аумағынан шығарылуы мүмкін.
Жедел-профилактикалық іс-шарасы басталысымен полиция қызметкерлері құжатсыз жұмыс істеп жүрген 23 шетелдікті анықтады. Бұл – бір күнде тіркелген дерек. “Мигрант” шарасы наурыздың 17-сіне дейін жалғасады.
Мәдина Қаби