Соңғы бір ай шамасында су тасқыны тақырыбы күн тәртібінен түспей келеді. Осыған орай «АМАНАТ» партиясының өңірлік филиалында осы табиғи құбылысқа дайындық мәселесі талқыланды. Бүгінгі таңда облыста тұрғындарының саны 5 мың болатын 87 елді мекенді су басу қаупі бар. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің айтуынша 500-ге жуық маман мен 130-дан астам техника сақадай сай тұр. Сондай-ақ, тұрғындарды эвакуациялауға арналған 6 көлік, 7 жүзу техникасы, 400-ге жуық су өтпейтін костюм, 400-ден астам адам сыятын 21 шатыр даярланған. Қарбалас кезеңді еңсеру үшін облыс әкімдігі тарапынан 135 млн теңге бөлініп отыр.
Ақжүніс Мұқатай