Демалыс күндері қала тыныштығын бұзудың 22 фактісі анықталды. Полиция қызметкерлері 3 күн бойы күшейтілген режимде жұмыс істеді. Наурыздың 8-і мен 10-ы аралығында “102” жедел арнасына мыңға жуық хабарлама келіп түскен. Тіркелген фактілердің көбі – отбасылық жанжалдар. Мұндай 30-ға жуық жайт белгілі болды. Сондай-ақ, 150-ден астам адам әкімшілік құқық бұзушылыққа барған, олар көшедегі бейнебақылау камераларының көмегімен анықталды. Мереке күндері жол қозғалысы ережелерін бұзған 50 жүргізуші жауапқа тартылды. Көбі қауіпсіздік белдігін тақпаған. Сонымен қатар, қала көшелерінде 26 жол апаты тіркелді.
Гүлден Сембаева