Экономика және қаржы

Өңірде бөлшек сауда көлемі артты

Облыста биыл қаңтарда бөлшек сауда көлемі 21 млн теңгеден асты.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,7% көп. Қаңтар айындағы көтерме сауда көлемі 25584,8 млн теңгеге жетті. ЕАЭО елдерімен жасалған сауда 2023-тің қаңтары мен желтоқсаны аралығында 8,7%-ға артып, 638,4 млн долларды құрады. Оның ішінде экспорт – 134,5 млн теңге, импорттың алған үлесі – 503,9 млн теңге. Биыл негізгі капиталға 13882,4 млн теңге инвестиция салынған. Сондай-ақ, өнеркәсіп өндірісінің көлемі мен өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі шамамен 3% шамасында төмендеді деп Ұлттық статистика бюросының сайтында жазылған.

 

Гүлден Сембаева