Спорт

Олимпиада лицензиясы бұйырмады

Олимпиада лицензиясы бұл жолы да бұйырмады! Ел намысын қорғаған солтүстікқазақстандық боксшы Наталья Богданова Италияда өтіп жатқан турнирде жеңіліс тапты. Халықаралық додада 66 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз польшалық шаршы алаң шеберіне ұпай сандары бойынша есе жіберді. Осылайша, Париждегі байрақты бәсекеден кезекті мәрте тыс қалды. Естеріңізге сала кетейік, теріскейлік спортшы бұған дейін Қытайдағы Азия ойындарында бағын сынады. Өкінішке қарай, аспан асты елінде үшінші орын бұйырып, лицензия қоржынға түспеді. Енді Тайланд елінде өтетін бәсеке қалып отыр. Алайда, ол жарысқа ұлттық құрама басшылығы Наталья Богданованы апару-апармауы әлі белгісіз.

 

Байболат Құлтанов