Қоғам

Қазақстандықтардың банк алдындағы қарызы 420 млрд теңгені құрады

Бұқараның берешегі 420 млрд теңгеге жетті! 1-ші ақпандағы жағдай бойынша қазақстандықтардың банк алдындағы қарызы 16,6 пайызға немесе 59,9 млрд теңгеге өскен. Бұл туралы LS ақпараттық агенттігі хабарлады. Қаржы институтына көп жүгінген – алматылықтар. Онтүстік астана тұрғындары 173,2 млрд теңге қайтаруы тиіс. 4,4 млрд теңге тіркелген Солтүстік Қазақстан облысы тізімнің соңғы жағында. Дегенмен, өңірімізде рәсімделген қарыздың көлемі бақандай 29,4 пайызға ұлғайыпты. Депозитке қатысты деректермен де бөлісе кетейік. Өткен жылдың қорытындысы бойынша отандастарымыздың есепшотында 12,4 трлн теңге бар. Оның ауқымды көлемі немесе 7,2 трлн теңгесі алматылық қалталы азаматтарға тиесілі. Жинақтағы қаражаттың негізгі бөлігі төл валютамыз – теңгемен сақталған.

 

Байболат Құлтанов