ТЖ

Мичурино саяжайында үйден өрт шықты

Кеше түнде Мичурино саяжайындағы қос қабатты үйден өрт шықты. От әуелі моншадан басталған. Содан баспананың шатырына ауысқан. Монша түгелдей жанып кетті. Үйдің шатыры зақымданғанымен нысанның өзі бүтін.
Өрт шарпыған аумақ 90 шаршы метрді құрады. Тілсіз жаумен күреске 6 техника мен 20-дан астам өрт сөндіруші жұмылдырылды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

 

Мәдина Қаби