Қоғам

Теріскейлік көпбалалы аналар біржолғы төлем алады

Көпбалалы аналардың құлағына алтын сырға! 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай солтүстікқазақстандық 7 мыңнан астам азаматшаға біржолғы төлем жасалады. Ол үшін бюджеттен 196 млн теңге бағытталмақ. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері қосымша ақша 10 және 5 айлық есептік көрсеткіш негізінде аударылатынын хабарлады. Қазіргі таңда өңірімізде қосымша есептеулер жүргізіліп жатыр. Алдағы бірер күнде тізімге қосылатын алтын құрсақты аналардың саны артуы мүмкін.

 

Байболат Құлтанов