Қазақстан жаңалықтары

Мемлекет Басшысы Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев елдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Премьер-министр ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдай және ел экономикасының өсуін қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлар туралы есеп берді.

Сондай-ақ, отандық тауар өндірушілерді қолдауды күшейту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады: қазақстандық қамту үлесін арттыру, мемлекеттік органдарды, жер қойнауын пайдаланушылар мен квазимемлекеттік секторды сатып алу рәсімдерін жетілдіру бойынша жұмыс басталды Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша перспективалы өнеркәсіп салаларын озыңқы дамытуға ерекше назар аударылатынын айтты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның қызметі туралы хабардар етті.