Қазақстан жаңалықтары

Денсаулық сақтау министрлігі донорларға төлемдер критерийлері мен мөлшерінің ережелеріне өзгерістер енгізуді пысықтауда

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың Сенат депутаттарының сауал салуына берген жауабында айтылған.

“Қазіргі уақытта денсаулық сақтау министрлігі өтеусіз донорға ақшалай өтемақыны 0,25 АЕК — тен 1,25 АЕК-ке дейін ұлғайту бөлігінде донорларға төлемдер критерийлері мен мөлшерінің ережелеріне өзгерістер енгізуді пысықтауда”, – деп хабарлады Тамара Дүйсенова.

Бұл ұсынысты вице-премьер атап өткендей, республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару жоспарлануда.