Қоғам

Бүгін – Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні

27 ақпан – Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні. Атаулы датамен ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева үкіметтік емес ұйым өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Министр өзінің құттықтауын Facebook парақшасында жариялады. Айтуынша, қазір 23 мыңнан астам ҮЕҰ бар, оның 18 мыңы белсенді жұмыс істейді. Сондай-ақ, жазбасына елде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттық қаржыландыру сияқты қолдау тетіктері қалыптасқанын қоса кетті.

АИДА БАЛАЕВА, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

– Бүгін бүкіл әлем Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күнін атап өтуде. Қазақстанда үкіметтік емес сектор әлеуметтік мәселелерді шешу мен азаматтық бастамаларды жандандыруда мемлекеттің сенімді серіктесі болып келеді. Мемлекет басшысы ҮЕҰ рөлін ерекше атап көрсеткен. Өздеріңіз білесіздер, олар халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мен азаматтық қоғамның рөлін күшейтуде маңызды рөл атқарады. Азаматтық қоғам жауапты, берекелі болсын! Еліміздегі азаматтық қоғамды дамытудағы маңызды және негізгі міндеттерді жүзеге асыруда баршаңызға сәттілік, шығармашылық табыс және кәсіби белсенділік тілеймін!

 

Ақжүніс Мұқатай