Петропавлда 9 мектептің информатика пәні сабағында тыйым салынған сайттарға емін-еркін кіруге мүмкіндік болған. Ал бұл контентте балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерді жасауға ынталандыратын материалдар болған. Қадағалау органының қаулыларына сәйкес білім беру мекемелерінің басшылары ҚР ӘҚБтК-нің 409-бабы 7-2 бөлігі бойынша айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.