Солтүстік Қазақстан облысында алдағы көктемгі дала жұмыстарына жан-жақты дайындық жүріп жатыр. Осы күндері бейінді сала өкілдерінің бір бөлігі егістік тұқымды тексеруде. Жұмыс зор маңызға ие. Алқапқа сіңірілетін дәннің сапасын білу арқылы диқан болашаққа алдын ала болжам жасай алады және науқан басталмай тұрып қандай да бір шешім қабылдау мүмкіндігін иеленеді.
МАЙМҰНА МӘМЕКОВА, “ҚАЗАГРЕКС” АҚ СҚОФ директорының міндетін атқарушы:
– Тұқым сараптамасы 12 ауданда жасалады. 230 мың тонна тексерістен өтті. 168 мың тонна ақысыз негізде тексерілді.
Зертханаға тұқымын жеткізіп жатқандардың дені – ірі агроқұрылымдар. Олардың мақсаттарының бірі – серіктестіктер мен қожалықтарға сапалы тұқым сату. Алайда, әкелінгеннің барлығы сын көтермейді. Білікті мамандар мұндай өнімді қабылдамайды.
МАЙМҰНА МӘМЕКОВА, “ҚАЗАГРЕКС” АҚ СҚОФ директорының міндетін атқарушы:
– Тексерілген тұқымның басым бөлігі – 1 және 2 класс. Классқа жатпайды да тұқымдар болады. Мұндай 600 тонна анықталды.
Егістік тұқымды тексеру жұмысы науқан басталғанша жүргізілмек. Арнайы зерхана өкілдері іскер жандарды маңызды істен қалыс қалмауға шақырады.
Байболат Құлтанов