Білім

Қаңтарда өткен ҰБТ-да 70-тен астам оқушы үздік нәтиже көрсетті

Биыл қаңтар айында өткен ұлттық бірыңғай тестілеуге ел бойынша 134 мың оқушы қатысты. Соның 72-сі 130 бен 139 аралығында ұпай жинаған. 4 мыңға жуық ұл-қыз 110-нан көп сұраққа дұрыс жауап берген, бірақ 129-дан асырмапты. Шығармашылық емтиханнан 459
бала тіпті 10 балл да жинай алмаған. Толық 30 ұпай иеленгендердің саны небәрі – 11. Қаңтардың тестілеуін Солтүстік Қазақстан облысында 3 мыңнан астам түлек-оқушының 71 пайызы тапсырған. Өңірде тестілеу науқаны Қозыбаев университеті мен Ғ.Мүсірепов ауданындағы Новоишим қазақ орта мектебінде ұйымдастырылды.

 

Гүлден Сембаева