Қазақстан жаңалықтары

2023 жылдың қыркүйегінен бастап 250 мың колледж студенттеріне арналған стипендия мөлшері 50% – ға өсті. Биыл ол 300 мыңға жуық студент контингентімен тағы 50% – ға артады

“Орта буын мамандықтарының студенттері ағымдағы 31 422 теңгенің орнына 41 896 теңге алады. Жұмысшы біліктілігі бойынша білім алушылар үшін стипендия 32 681 теңгеден 43 574 теңгеге дейін ұлғаяды”, — деп бөлісті техникалық және кәсіптік білім департаментінің бас сарапшысы Дархан Шайтанов.

Бұдан басқа, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттер әлеуметтік қолдау — тамақпен және жол жүрумен қамтамасыз етілген. Естеріңізге сала кетейік, еліміздің колледждерінде барлығы 542 мың студент оқиды, оның ішінде 344 мыңы Тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған.